Депутат Зағипа Балиева министр Сағадиевке сүюді үйрену керектігін айтты - Білім & ғылым|20 Ақпан 2017, 17:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Депутат Зағипа Балиева министр Сағадиевке сүюді үйрену керектігін айтты

Фото: ҚазАқпарат

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Зағипа Балиева ҚР Білім және ғылым министріне ұстаздар қауымын жақсы көру керектігін айтып, кеңес берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз балаларды кімге сеніп тапсырып отырмыз? Бірінші кезекте, тәрбиешілер мен мұғалімдерге. Мен бүгін министрдің баяндамасында кадрлар қалай дайындалатындығын, педагогикалық жоғары оқу орындарына түсуде қандай қызығушылық бар екендігін естимін деп ойлаған едім. Проблемалар тек санда ғана емес, сонымен қатар сапада бар. Бұл проблеманы Білім және ғылым министрлігімен біз де бірлесе шешуге қосылайық. Білім министрі – ол елдегі бірінші мұғалім. Министр сіз балаларды және мұғалімдерді сүюді үйренуіңіз керек. Кез келген жаңа ереже, жаңа тәжірибе жайлы бастапқыда баламен ақылдасып, кейіннен мұғалімдермен келісіп, тәжірибеден өткізу керек. Сосын ғана ол ережені енгізу керек. Сонда біз бұл керек пе, жоқ па - соны түсінеміз. Меніңше, білім министрлігі өз жұмысын қайта қарап шығады. Тиіп-қашып реформа енгізе беруге болмайды", - деді Зағипа Балиева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер