Үштұғырлы тілді еркін меңгерген болсаң, байқауда бағыңды сына! - Білім & ғылым|10 Қазан 2016, 14:14
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Үштұғырлы тілді еркін меңгерген болсаң, байқауда бағыңды сына!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Олимпиада жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Байқау қорытындысы Ақмола облысы, Бурабай ауданы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2016 жылғы 13-14 қазан күндері белгілі болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер