BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұйқы қанбаса өлім қаупі күшейеді – ғалымдар

Фото: интернеттен

Швециядағы Стокгольм университетінің ғалымдары демалыс күнгі ұзақ ұйқы жұмыс күндеріндегі ұйқының жетіспеушілігін толықтырып, онымен байланысты ауруларды жоюға, сонымен қатар алдын ала өлімнің қаупін төмендетуге ықпал ететінін анықтады. Бұл туралы Science Alert журналында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың зерттеуіне 38 мыңнан астам үлкен жастағылар қатысты. Олар жұмыс және демалыс күндеріндегі ұйқы режимін айтты. Мамандар оларды 13 жыл бойы бақылады. Қатысушылардың жынысы, дене салмағы, қозғалыс белсенділігі, алкоголь мен шылым шегуі сынды факторлары ескерілді. Содан соң түнгі уақытта бес сағаттан кем және тәулігіне алты-сегіз сағаттан ұйықтайтындардың (бақылау тобындағылар) өлім қаупін анықтады.

Сонда ұйқысы аз болған 65 жасқа дейінгі адамдарда алдын ала өлім қаупі 65 пайыз болған. Бірақ мамандар бұл адамдар демалыс күндері ұзағырақ ұйықтағанда, бақылау тобындағылардың денсаулығынан айтарлықтай айырмашылық болмайтынына көз жеткізді.

Сонымен қатар, 65 жастан асқан адамдардың өлім көрсеткіші де бақылау тобындағылармен теңесті. Себебі егде жастағы адамдарға көп ұйқының аса қажеті жоқ.

Дегенмен көп ұйқының да зияны бар. Себебі, ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, тәулігіне тоғыз сағаттан көп ұйықтаған адамдардың да өлім қаупі жоғары болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер