ҮИИД бағдарламасының бағытын өзгерту керек - Елбасы - Білім & ғылым|10 Қыркүйек 2013, 14:22
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ҮИИД бағдарламасының бағытын өзгерту керек - Елбасы

Астана. 10 қыркүйек. Baq.kz – Үдемелі индустриалды иновациялық даму бағдарламасының (ҮИИД) бағытын өзгерту керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы барысында осындай мәлімдеме жасады. 

«Біз төрт жыл қатарынан индустриалды-инновациялық даму саласында үзбей жұмыс істеп келеміз. Тіпті, осы мақсатта ҮИИД бағдарламасын іске қостық. Соның арқасында елімізде көптеген зауыттар мен кәсіпорындар бой көтерді. Бүгінде олардың отандық өнім өндіруде тапқан табыстары да толайым. Алайда, қазір бізге кішкене дамылдап, әлемдегі осы саладағы өзгерістерді есепке ала отырып, жұмыс барысын жаңа бағытқа өзгерткен жөн. Себебі, біз әлі де шикізат есебінен пайда табатын мемлекеттер қатарындамыз» деді Елбасы. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер