BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Транстелеком» қазақстандық ЖОО-да қосарлы білім беруді енгізуді ұсынды

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Town Hall үлгісіндегі кездесу-пікірталасында ақпараттық технология саласындағы білікті, нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақстанда адам капиталын дамыту мен ІТ-мамандарды даярлау деңгейін көтеру тәрізді маңызды мәселелерді талқыланған пікірталасқа ҚР Білім және ғылысм министрлігінің, «Транстелеком» АҚ, «Жастарға жол» Қоғамдық қоры және ЕҰУ, КИМЭП, КАТУ және АТХУ тәрізді жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

«Транстелеком» АҚ-ның HR директоры Гүлмира Мұқанова заманауи бизнестегі жас ІТ-мамандарының рөлі туралы баяндап, жас кадрларды тарту мәселесінде компаниялар кездесетін қиындықтарға тоқталды. Сонымен қатар, ол ІТ-кадрларын тәжірибелік дайындау сапасын көтеруде ЖОО-ға жәрдемдесуге бағытталған «Транстелеком» АҚ-ның қосарлы білім беру, студенттерді тәжірибеден өткізу, ЖОО-мен коллаборация, білім бағдарламаларының сараптамасы, олимпиадалар өткізу секілді бірқатар бастамаларын атап өтті.

«ЖОО-ға көмектесу керек, студенттердің тәжірибеден өтуіне жағдай жасап, қосарлы оқу бағдарламасын дамыту керек. Бизнес тарапынан дипломдық жұмыстарға ғылыми жетекшілік етуде ЖОО-да part time-да тәлім беру тәрізді менторлық жүйені енгізу қажет», - деді ол.

Сондай-ақ, «Транстелеком» АҚ Президентінің кеңесшісі Қайрат Рсымбетов бүгінгі таңда ЖОО бітіріп шыққан түлектердің жұмысқа дайындығы төмен екенін айтты.

«Біз ЖОО базасында қосарлы білім бағдарламасын жасау туралы бастама көтеріп отырмыз, ол студенттерге кәсіби білім беруге кәсіпорындардың тікелей атсалысуына мүмкіндік береді. Студенттерді оқыту бағдарламасының тәжірибелік блогын ұйымдастыру үшін «Транстелеком» АҚ өз ресурстарын ұсынуға дайын», - деді Рсымбетов.

Өз кезегінде ЖОО өкілдері мамандарды даярлауда өздері кездесетін қиындықтар мен оқу үдерісіне енгізіп жатқан жаңалықтары туралы айтып берді. Пікірталас қатысушылары қазір бірлескен бағдарламаларды енгізу және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды дайындау сапасын арттыру саласындағы мүмкіндіктерді жүзеге асыру аса қажет деген ортақ пікірге келді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер