BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Темекі адам өміріне қауіпті инфекцияны өлтіреді – ғалымдар

Темекі құрамында болатын пептид адам өмірі үшін қауіпті көптеген инфекциямен күресуге көмектеседі. Осылай мәлімдеді Ла Троб университетінің ғалымдары, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Темекі өсімдігінің құрамында болатын NaD1 ақуызы инфекция жұғуына себепші әрі адам иммунитетін әлсірететін жасуша қабатын жояды. Әңгіме алтын түсті стафилоккок, энцефалит және ЖИТС сынды ауру түрлері туралы айтылып тұр. Сондай-ақ, NaD1 ақуызының жасуша қабатын оның антибиотиктерге қарсы тұра білу қабілетіне қарамастан жоятыны белгілі болды.

Зерттеу авторлары инфекциялардың бүгінгі таңда денсаулық сақтау мәселесінде бірінші орында тұрғанына назар аударған. Ол ғаламшардағы әрбір сегізінші адамның өліміне себепші. Ғалымдар осы зерттеудің арқасында қажетті дәрі жасалады деген үмітте.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер