Тәрбие тал бесіктен - Білім & ғылым|13 Ақпан 2017, 15:32
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Тәрбие тал бесіктен

Діни басқармадан «Әйелдер-секторының» жұмысын жаңа белге көтеру туралы өкілдіктерге арнайы тапсырмалар жолдап, міндет жүктеген еді. Осы тапсырмаға сәйкес Өскемен аймағы өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Әйелдер-қыздар» секторы «Тәрбие тал бесіктен» атты шара өткізді.

Шара барысында мешіттің әйелдер мен қыздар ұстаздары сауат ашу курсы шәкірттер арасында арасында «Тәрбие тал бесіктен» атты ашық сабақ ұйымдастырды. Ашық сабақ барысында бесік туралы кең көлемде таныстыру жасалды. Ұлағатты әжелер бесіктің пайдасы мен бесікке бөлеудің маңызы туралы танымдық әрі тағылымдық насихат айтты.

Сонымен қатар ұстаздар бала тәрбиесіне қатысты салиқалы уағыз айтып, салт-дәстүрден нақты мысалдар келтірді.

«Қыздар тәрбиесі аса маңызды екендігі белгілі. Болашақ аналарға бүгіннен ұлағатты тәрбие берілу керек. Бұл жолғы ашық сабағымыз бесіктің пайдасына арнлды. Келесі де тағы да салт-дәстүрмен ұлттық және ислам құндылықтар астасқан осындай тағылымдық шаралар өткізе береміз» деп атап өтті, шараны ұйымдасытрушылар.

Ашық сабаққа келген әжелер мен әйелдер мен қыздар оқу курсының шәкірттері осындай игі шара үшін облыстық мешіт ұстаздарына алғыс білдірді.

ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер