Студенттер 60-қа жуық мамандық бойынша тегін кәсіптік білім алады - Білім & ғылым|13 Ақпан 2017, 11:31
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Студенттер 60-қа жуық мамандық бойынша тегін кәсіптік білім алады

Тегін кәсіптік білім беру бойынша Алматы қаласының колледждерінде 57 мамандық енгізілмек.

«Шет тілін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін пайдалану» тақырыбымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға жоғары оқу орындарының ректорлары мен ұстаздары жиылды. Ниеттеніп, оқимын деген жастар еңбек нарығында сұранысқа ие дәнекерлеуші, темір, ағаш жону шебері, автомеханик, құрылыс пен сауда, менеджер мен туризм мамандықтарында білім ала алады. Қазірдің өзінде әр колледж 100-ге жуық шәкіртақы бөлуге дайын.

«Тегін кәсіби техникалық білім беру үшін мемлекет өз тарапынан оқуына да, жатақханасына да, барлық оқу құралдарына да түгел қаражат бөлініп жатыр. Бұл өте үлкен көмек. Себебі біздің мына ауылдан келген, қаладағы көп балалы отбасыдан шыққан адамдарға, әлеуметтік жағдайы орта, төмен адамдарға үлкен көмек. Сондықтан біз үшін бұл үлкен жауапкершілік», - деді Алматы қаласы колледждер қауымдастығының төрағасы Жантілеу ӘЗІСХАНОВ.

Елбасының халыққа Жолдауында көрсетілген жоспарға сәйкес, 5 жылдық кәсіптік білім беру жүйесінде жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керектігі айтылды. Елімізде 29 жасқа дейінгі 320 мың ауыл жастары техникалық мамандықпен қамтылатын болады. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында 2017-2021 жылдары тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасы жүзеге аспақ.

Еске сала кетейік, биыл 21 мыңнан астам қазақстандық тегін кәсіптік білім алады деп хабарлаған болатынбыз.

Алматы телеарнасы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер