Шығыс Қазақстанда кәсіптік білім тегін беріледі - Білім & ғылым|24 Қазан 2016, 09:43
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шығыс Қазақстанда кәсіптік білім тегін беріледі

Фото: Вести.Ru

Шығыс Қазақстан облысы «Барлығына тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасын жүзеге асыруды бастап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Дуальды оқыту жүйесін алғашқылардың бірі болып жүзеге асырған облыста биылдан бастап елімізде баламасы жоқ «Мектеп-Интернат-Колледж» жобасы қолға алынды.

«Бұл колледжде мен тегін оқып қана қоймаймын, жатақханада да тегін тұрамын. Мен сияқты көпбалалы отбасынан шыққандар үшін үлкен мүмкіндік. Өз мамандығым бойынша жұмыс игере аламын және де ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орнына түсе аламын», - дейді Өскемен политехника колледжінің студенті Молдияр Оразғалиұлы.

Сарапшылардың пікірінше, жұмысшы мамандығы қашан да сұранысқа ие. Мемлекеттің бұл саланы қаржыландыруға ден қоюы да сондықтан. Ал тегін кәсіптік-техникалық білім – бұл барлығын жұмыспен қамтудың кепілі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер