Шығыс Қазақстанда 577 мектеп ыстық тамақпен қамтамасыз етілген - Білім & ғылым|01 Қараша 2018, 19:36
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шығыс Қазақстанда 577 мектеп ыстық тамақпен қамтамасыз етілген

Фото: altaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Облыста ыстық тамақпен 577 мектеп қамтамасыз етілген. Бұл 88,4 пайызды құрайды. Ал қалған білім мекемелерінің оқушылары буфеттен тамақтанады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Келесі жылдан бастап Өскемен және Семей қалаларындағы он шақты мектепте кешенді шаралар жүргізіліп, ас әзірлейтін блокпен жабдықталады. Сондай-ақ, балалардың тамақтану сапасы мен жүйесін жақсарта түсу жоспарланып отыр.

Қазір Білім басқармасы осы процессті ұйымдастыруды қолға алатын серіктестерді іздестіруде. Шаралар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер