Семейлік оқушы «Қара жорға» билейтін құлтемір жасап шығарды - Білім & ғылым|22 Ақпан 2017, 11:26
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Семейлік оқушы «Қара жорға» билейтін құлтемір жасап шығарды

«Қара жорға» болмаса, бидің сәні келе ме? Мұны құлтемірлер де түйсіне бастаған сияқты. Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әділ Ордаев пен ұстазы Бақытбек Нұрлыбекұлы арнайы бағдарлама түзіп, роботтарды буын биіне икемдеген.

«Осылайша қазақтың ұлттық өнерін ұлықтағымыз келді», - дейді авторлар. Жобаны жасауға бірнеше ай уақыт кеткен.

Бағдарламасы тез жасалғанмен, 18 бөлшектен құралған моторды ұлттық биге көндіру оңай болмапты. «Дегенмен талмай ізденіп, табандылық көрсеткенде ғана нәтижеге қол жеткізуге болады», - дейді Әділ.

Әділ Ордаев, Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы:

- Роботты тек қана билеткізбей, оған жан беру керек деп ойлаймын. Сондықтан біз роботтарды билеткізу кезінде, әрбір қозғалысты сақтау кезінде өзіміздің жүрегіміздің кішкене бөлігін бердік деп санаймыз. Болашақта олар тек «Қара жорға» ғана емес, «Қамажай» билерін де билейді деген ойдамын.

Хабар 24.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер