BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сағынтаев оқушылардың жазғы демалысы туралы: Бос жүргенше лагерьге барғандары дұрыс

Фото: Informburo.kz

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысында облыс әкімдеріне жазғы каникул кезінде балалардың демалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Лагерьге бір бала барғысы келсе, екіншісі барғысы келмейді. Бір ата-ананың мүмкіндігі бар, бір ата-ананың мүмкіндігі жоқ. Дегенмен де есіктің алдында бостан бос жүгіріп жүргенше, қисық жолға түсіп кетпей мектептің жанындағы лагерьде болсын жүргені жақсы», - деді Үкімет басшысы.

Ол облыс әкімдеріне барлық өңірде балалар демалысын ұйымдастыруға жеткілікті көңіл бөлуды тапсырды.

«Әкімдер, ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болсын. Бұл өте күрделі мәселе. Былтырғы маусымда қанша бала суға кеткенін министр айтып өтті. Сонымен қатар, балалар лагерьлері жұмысына қоғамдық мониторды күшейту қажет. Ерлан Кенжеғалиұлы, әкімдіктермен бірге бұл шаруаны қадағалауды сұраймын», - деп тапсырды Сағынтаев.

Еске сала кетсек, Білім және ғылым министрі жазғы каникулда лагерьде демалатын оқушылар санын айтқан болатын. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев балаларды мектеп жанындағы лагерьлерде ұстап отырмай басқа облыстарға жіберуді ұсынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер