BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ресейде өткен халықаралық конкурста қазақстандықтар екінші орын алды

Астана, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің және «Фонд новых форм развития образования» мекемесінің ұйымдастыруымен «Балалардың инженерлік командасы» Халықаралық конкурсы өтті.

Аталған конкурсқа Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №266,№249 мектеп-лицей оқушылары А.Сатмағамбетов, Н.Бекаралова, Н.Есекеев, А.Қанибаев және жетекшілері №266, №249 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімдері Б.Жолдасбеков, Ж.Нағашыбаев қатысты.

Кункурсқа қатысқан оқушылар көру қабілеті бұзылған адамдардың бөлме ішінде және көшеде жүрген уақытта бағдарлай алатын, сонымен қатар сол адамдардың өзіне қажетті заттарды тани алатындай әзірлеген арнайы құрылғылары ұсынған болатын.

Аталған жоба конкурс талаптарының бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысына сәйкес ұйымдастыру комиссиясының шешімі бойынша «Балалардың инженерлік командасы» Халықаралық конкурс комитетінің жауапты хатшысы, бас директоры М.Раковадан конкурстың ақтық сайысына қатысуға арнайы жолдама бойынша осы жылдың 11-15 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласында өткізілген Халықаралық конкурсқа қатысты.

Конкурстың ақтық сайысына ТМД елдерінен 400 балалардың арасынан болашағынан үлкен үміт күттіретін қасиетті Қазалының перзенттері жүлделі екінші орынды иемденді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер