BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Педагогикалық Ғылымдар Академиясының жаңа мүшелері сайланды   

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының жаңа мүшелері сайланды. Олардың арасында Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің 3 бірдей ғалымы бар.

Бұл ғылыми атақ Академияның жалпы жиналысында көпшілік дауысқа салу арқылы беріліп отыр. Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ Академияның толық мүшесі-академигі, осы факультеттің оқытушылары Бауыржан Иманғалиев пен Әуесбайдың Қанаты корреспондент-мүшесі боп сайланды. Оларға мүшелік диплом мен куәлікті салтанатты жағдайда факультеттің ғылыми Кеңесінде Академия Президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Қабікенұлы табыс етті.

Академияның толық мүшесі-академигі немесе корреспондент-мүшесі атағы ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесі бар білім, ғылым мен мәдениет саласының көрнекті өкілдеріне беріледі.

Қайрат Сақ, елімізге танымал алаштанушы ғалым, профессор. 2011 жылдан бері Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы. Алаш баспасөзі мен көсемсөзіне қатысты 2 оқу құралы, 2 монография 10 христоматиялық оқу құралы авторы, көптеген ғылыми жоба авторы, әрі жетекшісі. Журналистика саласында ғылыми мектеп қалыптастырған көрнекті ғалым. ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Жылдың үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Бауыржан Иманғалиев, халық ағарту комиссары Темірбек Жүргеновтің әдеби мұрасын алғаш ғылыми айналымға енгізіп, зерттеген педагог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия Ұлттық университетінің доценті. «Жүргеновтануды» элективті пән ретінде Еуразия ұлттық университеті мен Темірбек Жүргенов өнер Академиясының оқу бағдарламасына енгізген. Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, халықаралық ақпараттандыру Академиясының Академигі.

Қанат Әуесбай, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес мүшесі, БАҚ өкілдері арасынан ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясымен оқыған тұңғыш журналист. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегері, БАҚ өкілдерінің республикалық «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы. Қазақ-ағылшын тілінде Ұлыбританияда жарық көрген «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен» кітабының авторы. ҚР Ақпарат саласының үздігі төсбелгісімен марапатталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер