Павлодарлық студенттер шыбын-шіркейден қорғанатын электрондық құрылғы ойлап тапты - Білім & ғылым|24 Қазан 2016, 18:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Павлодарлық студенттер шыбын-шіркейден қорғанатын электрондық құрылғы ойлап тапты

Павлодар Қазтұтынуодағы экономикалық колледжінің студенттері Әсел Аужанова мен Аида Ұлықпан облыстық Startup-идеялар байқауының алғашқы кезеңінде шыбын-шіркейден қорғануға мүмкіндік беретін "Тэбая" деп аталатын электрондық құрылғыны таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Жоба авторларының айтуынша, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болып табылатын аталмыш құрылғы батарей арқылы немесе күн сәулесінен қуат алады. Қызмет көрсету мерзімі үш-төрт жылды құрайтын ноу-хаудың құны шамамен алты мың теңгені құрайды.

- Павлодарда өткен жазда шыбын-шіркей қалың болғаны белгілі. Сондықтан бұл бизнес жобаның маңыздылығы зор болмақ. Құрылғыдан таралатын ультра сәуле белгілі бір радиустағы әрекетті қамтиды. Оның негізгі артықшылығы бағасының қолжетімділігі мен бірнеше мәрте қолдануға болатындығында. Бұған қоса, қуаты таусылып қалған жағдайда батарейге қоюға болады. Әзірге бұл тек қана жоспар, дегенмен қыздар бұл ойды жүзеге асыруды көздеп отыр, - дейді жастар бастамаларын дамыту орталығының жастар кәсіпкерлігі мәселелері жөніндегі инспекторы Аида Нұрмағанбетова.

Жастар кәсіпкерлігі мектебінің оқушылары облыстық байқаудың бірінші кезеңінде барлығы 17 бизнес-идея ұсынды. Нәтижесінде қазылар алқасы екінші кезеңге 10 шақты жұмысты таңдап алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер