BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда 3000-нан астам мұғалімнің қатысуымен бірыңғай педагогикалық кеңес өтті

Фото: pavlodarnews.kz

Астана, BAQ.KZ. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық жалпы орта білім беру мектептері мен мектептен тыс мекемелерінде педагогикалық үрдіске қатысушылардың санасын жаңғырту» тақырыбында бірыңғай педагогикалық кеңес өткізілді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Оған қалалық мектептердің 3000-нан астам мұғалімі қатысты.

№ 24 мектепте ұйымдастырылған аталған шараға қала мектептері мен мектептен тыс мекемелерінің 150 педагог шақырылды.

Педагогикалық кеңестің бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерінен құрастырылған. Бірінші бөлімінде № 24 орта мектептің директоры Нүргүл Рахымғожина баяндама жасады.

«Қатысушылардың арасынан шығармашылық топ құрылып, жаңа тоғыз жоба әзірленді. Бұдан кейін қатысушыларға «Отбасы Teacher», «Ардагерлер», «Ардагерлер мұрасы», «Бабалар ізімен» жобалары таныстырылды. Жобаның тұсаукесерінде сарапшылар тобының құрамында білім беру саласының еңбек ардагерлері жұмыс істеді», - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова.

Жиынның мақсаты – педагогикалық ұжымдарға бағдарламаның концептуалды негіздерін жеткізу, ақпараттық кеңістіктерін кеңейту.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер