Павлодар облысында 12 мың бала мектеп табалдырығын аттайды - Білім & ғылым|25 Тамыз 2018, 09:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Павлодар облысында 12 мың бала мектеп табалдырығын аттайды

Фото: автордан

Павлодар облысында жаңа оқу жылында 12 мың бала мектеп табалдырығын аттамақ, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, оқу жылында өңір мектептерінде 102 мың ұл-қыз оқиды деп жоспарланған. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп.

Жалпы орта білім беру ұйымдарына сомасы 1,116 млн. теңгеге оқулықтар сатып алынып, ал толық көлемде жүргізілген 5,6,7 сынып оқушыларына арналған «Өлкетану» оқулықтарын сатып алуға облыстық бюджеттен қосымша 56,8 млн. теңге бөлінді.

«Биыл білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылды. Нақтырақ айтқанда, оқушы жиһазы, компьютер техникасы, физика, химия және биология кабинеттерін, 10 мектеп автобусын сатып алуға 1 миллиардтан аса теңге бөлінді. Облыс мектептері интернетке 100% қосылған, интернет жылдамдығы 4 Мбит/сек және одан жоғары. WI-FI көлемін кеңейтумен қамтамасыз ету 92,5%-ды құрайды. Осы жылдың соңына дейін аталған көрсеткіш 100%-ға жететін болады. Компьютер техникасымен қамтамасыз ету 1 компьютерге орташа алғанда 5,2 оқушыдан келеді, ауылда – 3,8», - дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Биылғы жылы облыс педагогтарының қатары 285 жас маманмен толықты.

«Орта білім беру саласында 11,5 мың мұғалім жұмыс істейді. Жұмыс орындарына бөлу шарасының қорытындысы бойынша өңір мектептеріне 480 маман жіберілді. Ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында кәсіби шеберліктерін көтеру көзделген. Облысымызда 46 мұғалім «Шебер педагог» біліктілігін растаса, 728-і «Зерттеуші педагог» атанды. Бұл көрсеткіш кадр әлеуетінің сапалы деңгейін дәлелдейді. Бұл жаңашылдық педагог кәсібінің беделін арттырып, әділ еңбекақының төленуін қамтамасыз етеді. Қыркүйек айынан бастап жаңа санат алған педагогтардың еңбекақысы 50%-ға дейін өседі», - дейді Жомарт Қарамбаев.

Айта кетейік, облыста 670 білім беру ұйымы бар. Яғни, 178 балабақша, 362 мектеп, 11 балалар үйі, 7 түзету ұйымы, 51 колледж жұмыс істейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер