Оңтүстік Кореядан оқушылар олжалы оралды - Білім & ғылым|09 Ақпан 2017, 20:54
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Оңтүстік Кореядан оқушылар олжалы оралды

Фото: astana.gov.kz

Елордалық оқушылар зияткерлік жарыста тағы да биіктен көрінді. Бұл жолы Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен «Жас ғалым» халықаралық ғылыми жарысында үш бірдей оқушымыз І орынды иеленді, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.

Олар; №31 мектеп-гимназиясының оқушысы Айтмағамбетова Алуа, №51 мектеп-гимназиясынан – Амангелді Алихан және дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушысы Сайлаубек Санжар.

10-11 сынып оқушылары математика, биология, тарих пәндері бойынша өз жұмыстарын ағылшын тілдерінде қорғады, деп хабарлайды «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер