ОҚО-да еңбек өтілі 600 жылды құрайтын ұстаздар династиясы тұрады - Білім & ғылым|21 Ақпан 2017, 20:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ОҚО-да еңбек өтілі 600 жылды құрайтын ұстаздар династиясы тұрады

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ордабасыда еңбек өтілі 600 жылды құрайтын мұғалімдер әулеті өмір сүреді. Олар – Бөржар ауылында тұратын белгілі Ысқақтар әулеті. Таяуда Ордабасы ауданына ұйымдастырылған арнайы пресс-тур кезінде журналистер қауымы ұстаздар отбасымен танысты, деп хабарлайды Baq.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, ұстаздық еңбек өтілі 600 жылды құрайтын әулеттің 20 шақты мүшесі мұғалімдікті меңгерген. Оның бірі ҚазССР-на еңбегі сіңген мектеп мұғалімі, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері, ҚазССР-нің халық ағарту үздігі төс белгісінің иесі болған марқұм Сұлтан Ысқақ болса, оның ұлы Әбдіқайым Ысқақ. Ал Әбдіқайым Ысқақтан тараған алты ұл мен үш қыздың бесеуі ұстаздық жолды таңдаған. Олар – Әкім Ысқақ, Әбдікәрім Ысқақ, Гүлжан Ысқақ, Гүлмира Ысқақ және Гүлсара Ысқақ. Бес перзенті ұстаздық жолын таңдаған қарияның 5 келіні де мұғалім болып жұмыс істеді. Мұнан бөлек, бүгінде 7 немересі педагогика саласын меңгеріп, ата жолын қуып жүр.

Ысқақтар әулетінің қариясы, қырық жылға жуық жұмыс өтілі бар Әбдіқайым Сұлтанұлының айтуынша, шәкірт тәрбиелеп, оның үлкен азамат болып қалыптасуын көру, жетістігіне куә болу – ұстаз үшін ұлы бақыт. Кезінде әкенің салып кеткен сара жолымен жүріп, оған өзінен тараған ұрпақты да баулып жүрген ақсақал ұстаздық жолында әкесі сынды мектеп директоры қызметін де бірге атқарған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер