«Нұрорда» мектеп-лицейіне 10 жыл - Білім & ғылым|10 Ақпан 2017, 16:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Нұрорда» мектеп-лицейіне 10 жыл

Осыған орай оқу ордасы «Білім-Инновация-2017» атты көрме өткізіп, өз жетістіктерін паш етті. Шараға Астанадағы барлық мектеп оқушылары шақырылды.

Көрме барысында балалар келушілер назарына өздерінің зертханалық тәжірибелері мен ғылыми ізденістерін ұсынды. Олар «Интеллектум» сабағында әзірлеген жобаларымен де таныстырды. «Нұрорда» лицейінің өкілдері басқа мектептермен тәжірибе алмасуға әрдайым дайын екендігін жеткізді.

Қуат Қожахметов, «Нұрорда» мектеп-лицейі директорының орынбасары:

- Біздің мектептің мақсаты – білімді жобалар арқылы беру. Тек білім ғана емес, оны өмірде қалай қолдануға болады. Сондай бағыт береміз. Робот техникасына үлкен мән берілген, физикадан әртүрлі жобалар бар. Олар оны сабақта мұғаліммен бірге жасайды. Қазіргі мақсатымыз – басқа қала оқушыларымен тәжірибе бөлісу.

Айым Қасымбекова, оқушы:

- Біздің жоба биология және информатика пәндеріне байланысты. Бұл шағын жоба жылыжай болып саналады. Оның ерекшелігі контроллердің болуында. Ол арқылы жылыжайжадағы температура мен ылғалдылықты, көмірқышқыл газды байқай аламыз.

Хабар 24.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер