BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев университеті 2025 жылға дейін студенттер санын 8 мыңға жеткізеді – Шигео Катсу

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бұл туралы бүгін Астанадағы Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу журналистермен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

2018 жылы Назарбаев университеті төртінші түлегін шығарады. Өткен жылмен салыстырғанда (737 түлек) оқу орнында білім алушылар саны 10 процентке артқан.

«Биыл Назарбаев университетін 811 түлек аяқтайды. Атап айтқанда, 506 бакалавр, 302 магистр және 3 доктор тәмамдайды. Бұл – төртінші түлегі. 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 10 процент артты. Бүгінде Назарбаев университетінде мектептер саны да көбейді. Мысалға, биоғылымдар, тау-кен ғылымдары мектебінде мамандарды дайындап шығамыз. Қазақстан табиғи ресурстарға бай болғандықтан мұнай-химия саласында инженер-магистрлерді шығарудың маңызы зор», - деді университет президенті.

Фото: Нұржас Жақсыбай

Шигео Катсу 2025 жылға дейін университетте 8 мың адамды оқыту жоспарланғанын айтты.

«Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылға дейін студенттер санын екі есе арттыруды тапсырды. Соған байланысты біздің арнайы бағдарламамыз бар. Сондықтан осы уақытқа дейін білім алушылардың саны 8 мыңға жетеді. Қазіргі уақытта 750-800 бакалавр бар. Бұлардың санын 5200-5500-ге дейін арттырамыз. Сонымен қатар жыл соңына дейін ғылыми лабароториясы бар ғимаратымызды ашамыз. Бұл орталық біздің 2025 жылға қойған мақсатымызға жетуге мүмкіндік береді деген ойдамыз», - деп жоспарымен бөлісті университет басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер