Назарбаев Университеті «Samsung» компаниясымен әріптестік орнатты - Білім & ғылым|29 Тамыз 2013, 18:04
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Назарбаев Университеті «Samsung» компаниясымен әріптестік орнатты

 Астана. 29 тамыз. Baq.kz – Назарбаев Университетінде университет пен Samsung компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Оған «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Президенті Сын Сик Чой және Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу қатыcты.

 Әріптестік негізінде Назарбаев Университетінде «Samsung Smart Lab» зертханасы ашылады деп жоспарлануда.
«Біздің компания жоғары технологиялар саласындағы үздіктердің көш басында келеді, сондай-ақ біз өзіміздің көшбасшылығымызды индустрия саласында да қолдануды жоспарлап отырмыз. Samsung өзі тұрып жатқан елдердің салалық және кадрлық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан Назарбаев Университеті сияқты озық мекемемен орнатқан әріптестік Қазақстанның ғылым саласына Samsung-тың озық технологияларын ұсыну мен енгізуге мүмкіндік жасап қана қоймай, сонымен қатар қазақстандық әзірлеушілердің зерттеушілік әлеуетін ашуға және жетілдіруге мүмкіндік береді», - деді «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» компаниясының президенті Сын Сик Чой.

Ал Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу өз кезегінде «Samsung компаниясымен әріптестік орнатқанына қуанышты екенін жеткізіп, бұл келіссөз Назарбаев Университетінің қоғамдастығы үшін жаңа технологиялар мен заманауи техникалық шешімдерге жол ашатынын атап өтті. Қол қойылған мейморандумның шеберінде «Samsung Electronics» компаниясы университеттің ғалымдары мен профессорлар құрамының қатысуымен инновациялық жобалар іске асырылады. Сондай-ақ, Назарбаев университетінің үздік оқитын  төрт студентіне «Samsung» компаниясының шәкіртақысы тағайындалмақ.

Samsung Electronics Co., Ltd. тұтынушылық электрониканың және оны шығаруға қажетті негізгі құрамдас бөліктердің әлемге әйгілі өнім берушісі болып табылады. Зерттеулер мен инновацияларға елеулі көңіл бөле отырып, компания теледидарлардың, смартфондардың, дербес компьютерлердің, принтерлердің, камералардың, тұрмыстық аспаптардың, медициналық құрылғылардың, сымдар мен жарық диодты шамдардың алуан түрін шығарады. Компанияның әлемнің 79 елінде жұмыс істейтін 219 бөлімшесі бар. Компанияда 236 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді.

 
   


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер