Мұхтар Тайжан: Қай тілде білім алатынын әркім өзі таңдауы тиіс    - Білім & ғылым|20 Ақпан 2017, 13:33
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мұхтар Тайжан: Қай тілде білім алатынын әркім өзі таңдауы тиіс   

Мектептерде пәнді ағылшын тілінде оқуға міндеттеу – тек министрдің, қала берді мемлекеттің құзырындағы шаруа емес. Бұл туралы қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Facebook әлеуметтік желісінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке үш тілде оқыту жүйесіне қатысты берген жауабында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазір ғана Байбек (Алматы әкімі Бауыржан Байбек – агенттік) халыққа есеп беру кездесуінде мектептердегі үш тілде оқыту жүйесі жайлы айтты. Бұған дейін министр Сағадиевтің (Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев – агенттік) бұған қатысты қорытынды мақаласы жарық көрген болатын. Осы жерде бір нәрсені нақтылап алуымыз керек. Біз ағылшын тіліне қарсы емеспіз, қайта қолдаймыз. Келіспейтін тұсымыз – пәндерді ағылшын тілінде оқытпау керек. Ағылшын тілі жеке пән ретінде ғана қалуы тиіс. Халықаралық тілге қоғам қарсы емес, өзіміз де, ата-анамыз да ағылшын тілін оқыдық, балаларымыз да ағылшынша біледі. Ол сөзсіз керек, ешкім оған дау айтпайды», - дейді ол.

Мұхтар Тайжан бірақ бұл мәселеде адамның өз таңдауы болуы керек деген пікірде. Оның айтуынша, Қазақстанда балалардың қай тілде оқитынын министр шешпейді. Әрбір адам ана тілінде білім ала ма, жоқ ағылшынша оқи ма, оны өзі таңдауы тиіс.

«Кейбір адамдар пәнді ағылшын тілінде оқытқанын қалайды, мен оны жоққа шығармаймын. Арнайы мектептер, факультативтер, тағы басқа да білім ошақтары болуы мүмкін. Бірақ балаларға жаппай пәнді басқа тілде оқуға міндеттеу – бұл министрдің, тіпті мемлекеттің құзырындағы шаруа емес», - деп толықтырды қоғам қайраткері.

Тайжан тұтастай алғанда Байбектің қаланы көркейту жөніндегі бастамалары ұнағанын айтады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер