«Мектепке жол»: Атырауда акция аясында 10 мыңнан аса оқушыға көмек көрсетілді - Білім & ғылым|03 Қыркүйек 2018, 22:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Мектепке жол»: Атырауда акция аясында 10 мыңнан аса оқушыға көмек көрсетілді

Акция басталған күннен бүгінге дейін 10 116 балаға жалпы құны 144 млн.теңгеден аса қаражат көлемінде материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, мемлекеттік мекемелер, шағын және орта кәсіп иелері, жауапкершілігі шектеулі серіктестер және демеушілер көмегімен балалар оқуға ең қажетті : мектеп және спорттық костюмдермен, кроссовкалар, сөмкелер және кеңсе тауарларымен қамтылды. Айта кету керек, акция шеңберінде мектепке бармайтын балаларға, сонымен қатар халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарындағы балаларды мектепке дайындауға ерекше көңіл бөлінді.

"Балалар тек мектепке қажетті оқу құралдар, жылы киімдер ғана емес, азық-түлік және ет өнімдерімен қамтылды. Бір отбасыға тіпті тоңазытқыш сыйлады. Ескере кетсек, «Мектепке жол» акциясы жалғасуда, көп балалы, аз қамтылған немесе белгілі себептермен қиын жағдайға тап болған адамдар аталған көмекке мұқтаждығы туралы өтініш жаза алады және міндетті түрде қолдау көрсетіледі", - дейді облыстық білім басқармасы.

Айта кетейік, ірі көлемдегі «Мектепке жол» акциясы ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Акцияға қатысам деушілер аудандық және қалалық білім бөліміне келуіне болады, бөлімдерде аз қамтылған отбасылар тізімі мен байланыс нөмірлері бар.
Байланыс телефоны - 35 48 47.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер