BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кішкентай ауылдың үлкен қуанышы

Фото: Автор

Павлодар облысында жұмыссыздық атымен жоқ елді мекендер жетерлік. Солардың бірі – Екібастұз аймағының Ақкөл ауылдық округіне қарасты Зеленая роща елді мекені. Ауыл халқы Елбасы Жолауында айтқан мақсат-міндеттер мүдірмей орындалса, гүлденген ауылдардың қатары артатынына сенімді, деп хабарлайды Bnews.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Ауылда 400-ге жуық азамат тұрады. Шағын елді мекен халқының саны жыл санап аотыр келеді. Дамыған әлеуметтік нысандар желілерінің арқасында ауылға жас мамандар ағылуда. Елді мекен тұрғындарының 80%-ы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Қалғаны әлеуметтік саланың еңбеккерлері. Сондықтан, жұмыссыздық атымен жоқ деуге негіз бар.

Бүгін Зеленая роща ауылындағы Шідерті орта мектебін тәмамдаған түлектер бас қосып, білім беру нысанына қарасты бірегей әкімшілік ғимараттың ашылуына қатысты. Лсылайша, тар мектеп кеңей түсті. Сонымен қатар, ауыл азаматтарына спорт залын тарту етті. Жергілікті кәсіпкер өз қалтасынан 35 млн. теңге бөлген.

Орта мектеп директоры Бауыржан Сәрсекеевтің айтуынша, мектептің іскі ғимараты балаларға тар болатын. Ал спортзал бұрын-соңды болмапты.

«Зеленая роща ауылында 18 шаруа қожалығы бар. Елді мекенге көшіп келетіндер саны артып келеді. Соңғы екі жылдың ішінде тоғыз үй салынды. Тағы үш баспана бой көтеруде. 1964 жылы салынған ескі мектептің жаңа ғимараты 360 шаршы метрді құрайды, яғни бұрынғыдан екі есе үлкен. Әкімшілік ғимараттың ішінде бас-аяғы жеті кабинет шоғырланған: заманауи «Teather office», IT-сынып, шахмат кабинеті, «Рухани жаңғыру» кабинеті, медициналық пункт, асхана және 20 сәбиге арналған шағын орталық», - дейді Бауыржан Сәрсекеев.

Ауылда тұрақтап қалғысы келетіндердің қатары артуда. Демогафиялық жағдай жасқарған күннің өзінде мектеп немесе балабақшада орын тапшылығы болмайды. Орта білім беру нысаны 100 балаға шақталса, тең жартысы бос.

Әкімшілік ғимаратты салуға 55,4 млн. теңге жұмсалған. Ал спорт залын мектептің бұрынғы түлегі, шаруа қожалығының иесі Манас Алғамбаров салып беріп, қажет құралдармен жабдықтаған.

Меценаттың айтуынша, шаруа қожалығын 2000 жылы құрған.

«Шаруашылығымды небары 12 бас малдан бастадым. Бүгінде ауыл халқында 3,5 мың төрт ірі қара мал мен екі мыңға жуық жылқы бар. Бұл мектепті 1979 жылы аяқтадым. Спорт зал болмайтын. Бүгінгі балалар спортмен айналысу мүмкіндігіне ие. Елбасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйін жақсарту үшін біз де атсалысуымыз керек. Бұл бағытта облыста «Мектепке тағзым» бағдарламасы жүзеге асырылуда», - дейді Манас Алғамбаров.

Еске сала кетсек, былтырғы жылы «Мектепке тағзым» акциясына 500-ден астам түлек қатысып, туған мектептерін жабдықтауға көмектескен.

Фото: Автордікі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер