Кейбір пәндер бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін – Е.Сағадиев - Білім & ғылым|07 Ақпан 2017, 13:31
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кейбір пәндер бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін – Е.Сағадиев

Алдағы уақытта оқушыларға кейбір пән бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз электронды күнделік және электронды оқулық болғанын қалаймыз. Ең маңыздысы, мектеп дәліздерінде шкаф болуы керек. Сондай-ақ, үй тапсырмасына шектеу қойылмақ. Бүгін немесе ертең арнайы хабарландыру шығады. Осыған дейін мектеп директорларының екі тобы мен әдіскерлер оқушыларға берілетін үй тапсырмасының көлемін зерттеген болатын. Біздің осы мәселеге қатысты ұсынысымыз бар. Яғни үйге берілетін тапсырманың уақытын 40 минутқа қысқартуды жоспарлап отырмыз. Болашақта кейбір пәндер бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін», - деді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер