BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазіргі заманғы адам шығу тегінің себебі анықталды 

АҚШ-тағы Гарвард медицина мектебі мен Австриядағы Вена университетінің ғалымдары осыдан 4100-1700 жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азияда мекен еткен 18 адамның көне геномдарына алғаш рет талдау жүргізіп, адамдар бұл аймаққа ірі үш көшіп-қонудан кейін қоныстанғанын көрсетті. Дәл осы үлгіде заманауи еуропалық популяция да қалыптасқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Бірінші көшіп-қону шамамен 45 мың жыл бұрын орын алып, соның нәтижесінде бүгінгі Вьетнам, Мьянма және Камбоджа аумақтарын біріктіретін өңірде аңшылар қоныстанған. Кейінірек, неолит дәуірінде (4500 жыл бұрын) Оңтүстік-Шығыс Азияға Қытай аумағынан адамдар келіп, ауыл шаруашылығын дамытқан және бірінші толқын ұрпақтарымен араласа бастаған. Одан кейінгі көшіп-қону қола дәуірін қамтиды және жекелеген ағындарға бөлінеді. Осылайша, Қытайдан Мьянмаға ең алғашқы қоныс аударушылар екі мың жыл бұрын, Таиландқа қоныс аударушылар соңғы мың жыл бұрын келген.

Мұндай үш кезеңнен тұратын көшіп-қону қазіргі заманғы еуропалықтардың арғы ата-бабасына да тән. Алайда, түрлі популяция белсенді араласып, соның нәтижесінде Еуропадағы генетикалық алуан түрлілік мұншалықты айқын көрсетілмейді. Азияда үш ата-баба тарамының бар екені екінші және соңғы толқын арасында салыстырмалы түрде аз уақыт өткендіктен айқын анықталып отыр. Сол себепті, бүкіл Жер бетіндегі адамдар тобының бірізді көшіп-қонуы бүгінгі заманауи адамның қалыптасуына алып келіп отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер