BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның дамуы мен болашағы тарихқа негізделген ортақ құндылықтарға байланысты – профессор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық сана мен мемлекеттік сана қабысқан бүгінгідей кезеңде ұлттың өзін-өзі тануы сөзсіз. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Гүлбану Жүгенбаева «Тарихи жадыны қалыптастыру және Қазақстандағы саяси бірегейлік» атты жиын барысында айтты.

«Осы орайда жақында жарияланған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегінің тарихи-философиялық тереңдігін ерекше бөліп айтқан жөн. Еңбекте осынау алып кеңістікті игерген сайын-сахараның байырғы тұрғындарының тарихи жадынамасын өркениетті тұрғыда пайымдайды. Адамзат өркениетінің даму заңдылығын зерделеуде Ұлы дала халқын шет қақпайлау болғаны белгілі. Тіптен, Ресейлік империя мен Кеңестік отарлық жүйесінің ұлттық ғылымға жасаған саяси идеологиялық қысымның екпіні өз зардаптарын қалдырып кетті»,-дейді ол.

Оның айтуынша, ұлттық дүниетаныммен астарласатын тарихи сананың еволюциялық дамудың сипатын анықтау, талдап таразылау отандық тарих ғылымының теориялық-методиологиялық тұрғыдағы күрделі мәселесі болып отыр.

«Елдің еркіндігі мен өркендеуі ой-саналық жүйенің дамуымен тығыз байланысты. Адамзаттың сан мыңдаған жылдық өмір сүру тәжірибесін ескеріп, түрлі саяси катаклизмдерді ауыздықтауға болады. Көпұлтты еліміздің дамуы мен болашағы сырттан келген жобалардан емес, тарихқа негізделген ортақ Қазақстан құндылықтарына байланысты. Мұндағы басты мәселе Қазақстандағы ұлттарды маңайына ұйыстырып отырған жетекші ұлт қазақтарды тану», -дейді профессор.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер