Қазақстандық өнертапқыш Еуропалық патент жеңіп алды - Білім & ғылым|06 Қазан 2016, 19:30
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстандық өнертапқыш Еуропалық патент жеңіп алды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымы Асқар Баубектің өнертапқыштығын еуропалық 38 елдің ғалымдары мойындады. Сондықтан 20 жылдан бері төккен тері ақталып жану саласы бойынша "ЕР 2864700" патенттік грамотасына қол жеткізді.

Жану қондырғысының конструкциясына алдын ала жасалған патенттік шолу оның әлемде теңдесі жоқ екендігін көрсетті.

Ғалымның ойын дәлелдеу үшін қазақстан мен ресей патенттік ведомствосына туынды жайлы тапсырыс бұған дейін берілген болатын. Туындының нәтижесі жағымды жағынан көрінген соң барып Еуропалық патенттік ведомствоға жіберілді.

Көмірсутегі отынын жағатын қондырғы 26 айдың ішінде өтетін халықаралық РСТ сараптамасынан 33 айда өтті. Туындының әлемнің әртүрлі тілдерінде 100-ге жуық аналогтері мен прототиптері ұсынылды.

Ғалым ұсынып отырған туындысының тіл жетпес инновация екендігін дәлелдеуге қол жеткізді. .

Сол себепті Еуропалық патенттік ведомство еуропалық 38 елдің ғалымдары мойындап, ғалымның 20 жылдан бері төккен еңбегін бағалап жану саласы бойынша "ЕР 2864700" патенттік грамотасын беруге шешім қабылдады.

Патенттелген жану қондырғысы дизелдік және пештік отынды, пайдаланылған өсімдік майын, мазутты, су-мазут эмульсиясын, газ отынын бірдей тиімді жағады.

Әлемде көмірсутегі отынын тиімді жағатын жетілдірілген қондырғының бірнеше миллиондаған өнертабыстары бар. Бірақ аталған жаңалық бұл проблеманы шешуде өзекті орын алады.

Қазіргі таңда жылу мен электр энергиясының негізгі көзі қатты, сұйық және газ түріндегі көмірсутегі отыны болып табылады.

Шетелдік және отандық ғалымдар жану қондырғысында көмірсутегінің тиімді жану процесіне аса зор назар аударады.

2006 жылы-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғалым Асқар Апошевич Баубектің жетекшілігімен лабороторияда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіле бастаған болатын.

Өз күштерімен оннан астам жану қондырғылырының конструкциясы жасалды. Жасалған зерттеу жұмыстары қондырғылардың кемшіл тұстарын көрсетті: жағу камерасы үлкен гидравликалық қарсылыққа ұшырап, оның қызып кетуіне әкеліп соқтырды.

Сондықтан келесі міндет камераның жағу жұмыстары кезінде гидравликалық кедергіні тиісінше азайту болды.

Сараптама жұмыстарының нәтижесінде камераныі ішкі жану конструкциясы жетілдіріліп, гидравликалық кедергіні тиісінше азайтуға қол жеткізілді.

Инновациялық жағу қондырғысы көмірсутегі отынын жағу процессі кезінде өзінің жоғары тиімділігін көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер