BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Қазақстандық түлектер шетелдік университеттерде тікелей оқуға мүмкіндік алды

Фото: интернеттен

Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері Германияның жоғарғы оқу орындарында Foundation курсын оқымай-ақ, тікелей бірінші курсқа қабылданатын болды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

ГФР Білім және мәдениет министрлер кеңесі германиялық жоғары оқу орындарына Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектеріне арналған арнайы нұсқаулық жіберген. Онда аталған мектептердің сертификаты Германияда жоғары бағалауға ие болатыны айтылған.

«Кеңес зияткерлік мектептер түлектерінің сертификатын Германияның жоғары оқу орындарында тікелей білім алуға жарамды деп тапты. Бұл туралы Қазақстандағы ГФР-дың төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэльдің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиноваға жолдаған ресми хатында жазылған», - делінген аталған мекеменің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Неміс елшісі жолдаған хатта, зияткерлік мектептердің NIS Grade 12 Certificate сертификаты ГФР-де мойындалуы математика, техника, медицина, қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық ғылымдарды және тілді меңгеру салаларын, әрі спорт және өнер мамандықтары бойынша германиялық жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретіні айтылған.

Яғни аталған сертификаттың көмегімен зияткерлік мектепті бітірген қазақстандық түлектер Германияның университтерінде Foundation курсын оқымай-ақ, тікелей бірінші курсына оқуға түсе алады.

Нұсқаулық 2018 жылдың жазғы семестрінен бастап күшіне енеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер