BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ ұлттық университетінде жаңа инновациялық зертхана ашылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында SAP Next-Gen Labs инновациялық зертхана ашу жоспарланып отыр. Зертхана студенттердің кәсіпкерлік, дизайнерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік біреді. Бұл туралы Қазақстандағы SAP компаниясының директоры Максим Ламсков айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін елордада өткен SAP Forum Astana бизнес-конференциясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен SAP компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсатының бірі – адами капиталды дамыту. Бұл – қазіргі заманның талабы. Осы орайда компаниямыздағы маңызды бағдарламаның бірі – «Университеттік альянс» деп аталады. Оған қазақстандық 12 жоғарғы оқу орны кіреді. Бүгінгі форумда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен SAP арасында меморандумға қол қойылды», - деді Максим Ламсков.

Осы орайда ол аталған меморандум аясында аталған жоғарғы оқу орнында жаңа зертхана ашылатынын жеткізді.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында SAP Next-Gen Labs инновациялық зертхана ашу жоспарланып отыр. Бұл әлемдегі цифрлық экономикадағы мәселелерді шешуге жол ашады. Зертхана студенттердің кәсіпкерлік, дизайнерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік біреді. Мұндай зертхананы ашудың мақсаты – жаңа инновациялық өнімдерді жасап шығаруға жол ашады», - деп түйіндеді сөзін директор.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер