BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ғалымдар табысқа жетуге көмектесетін 6 қасиетті атады

Мамандар бәрінен бұрын табысқа жетемін деген адамның бойында адамгершілік пен икемділік, яғни жаңа ортаға тез үйрену қабілетінің болуы керектігін айтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru сайтына сілтеме жасап.

Лондон колледжінің зерттеушілері адамға табысқа жету үшін қажетті 6 қасиет туралы айтты. Бұл туралы Би-би-си басылымы жазды.

Аталған қасиеттер арасында бірінші орында адамгершілік тұр. Мамандардың айтуынша, стратегиялық жоспарлар құру үшін адам мінезі маңызды рөл атқарады. Табысты адамдарға қажетті қасиеттердің екіншісі – икемділік. Бойынан осы қасиет табылған адам күйзелісті оңай жеңеді.

Ғалымдар табысты болғысы келетін адамның бойында қызығушылық болуы тиіс екенін айтып өтті. Сондай-ақ, болашақтың қандай болатынын білмесе де, оны қабылдай алатын адамдар қатарластарынан әлдеқайда алда болатыны туралы сөз қозғалды.

Алтылықты қиын сәтте көмектесетін батылдық пен бәсекелес бола білу қабілеттері бекітті. Кейінгісі мотивация береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер