BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ғалымдар Майкл Джексонның «ешкім жасай алмайтын» би қимылдарының құпиясын ашты

Мамандар Майкл Джексонның «антигравитациялық қимылын» зерттей келе оны орындау үшін арнайы аяқ киімнің жеткіліксіз екенін анықтады. Осыны білмегендіктен көптеген заманауи бишілер сахнада жарақат алып жүр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Үндістандық нейрохирургтер Майкл Джексонның әйгілі «антигравитациялық қимылын» зерттей келе оны орындау үшін арнайы аяқ киімнен бөлек ахилл сіңірінің айтарлықтай созылыңқы болуы маңызды екенін анықтады. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда көптеген биші осыны білмегендіктен, ауыр жарақаттар алып жүр. Зерттеу нәтижесі Journal of Neurosurgery: Spine журналында жарияланды.

Әнші өзінің әйгілі би қимылын орындау үшін денесін тік ұстап, 45° градусқа иіледі. Ғалымдар биші емес адамның 20° градусқа иіле алатынын айтады. Тіпті, кәсіби бишілердің өзі бойын тік ұстап, 25-30° градусқа ғана иіле алады. Әдетте адам дәл осылай иілген кезде оның омыртқасын тік ұстайтын бұлшық ет жұмыс істейді. «Антигравитациялық» қимыл бар ауыртпалықты балтырға және ахилл сіңіріне түсіреді. Дәрігерлердің айтуынша, адамның бұл дене бөліктері мұндай қимылды орындауға дайын емес. Осының салдарынан көптеген биші қазіргі таңда осы қимылды орындаймын деп жарақат алып жүр.

Зерттеу жұмысының авторлары Майкл Джексонның өзінің мұндай қимылды арнайы көмекші құралдардың көмегінсіз жасай алмағанын айтады. Әнші Smooth Criminal әніне түсірілген бейнеклипте «антигравитациялық қимылды» алғаш рет орындау үшін денесін тік ұстап тұруға көмектесетін арнайы белдік пен сымдарды пайдаланған.

Кейін әнші бұл қимылды концертінде орындау үшін арнайы бәтіңке жасатады. Осы бәтіңкелердің табанында сахнаға алдын ала қағылған шегеге ілінетін ойық бар. Джексон мен костюмерлер бұл аяқ киім түрін 1992 жылы патенттеген.

Нейрохирург мамандар Майкл Джексонның осы би қимылының көптеген жас мамандарға шабыт сыйлағанын айтады. Осы трюктерді зерттеу арқылы дәрігерлер бишілерге дер кезінде көмек көрсете алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер