BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕҰУ ең интернационалды университет атанды

Британдық беделді «Times Higher Education» рейтинг агенттігі өзінің қорытынды бағаларын жариялады. Рейтингтің талдау-сараптауына еліміздің жоғары оқу орындарымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиеті де енді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әлем бойынша 1258 оқу орны сынақтан өтсе, ЕҰУ 1001+ топ ішінен көрініп, үздіктер қатарынан орын алды.

Жоғары оқу орындарының қызметін талдап-сараптау 13 көрсеткіш бойынша бағаланған. Еуразия ұлттық университеті соның ішінде интернационалдандыру тұрғысынан ең үздік нәтиже көрсетті. Бұл рейтингтің интернационализациясы ең алдымен шетелдік студенттердің жергілікті деңгейге қатынасы бойынша өлшенеді. Содан кейін шетелдік профессор-оқытушылар құрамының жергілікті деңгейге қатынасы және шетел зерттеушілерімен бірге жазған ғалымдардың басылым бетіндегі авторлық мақалалар ескеріледі.

Бұл рейтинг жоғары білім мен ғылым саласына қатысты британдық «Times» газетінің қосымшасы бойынша шығарылады. Әлемнің жоғары оқу орындарының аталмыш рейтингісі жыл сайын ғылым мен білім беру бағдарламаларының деңгейі, шетелдік мамандар мен студенттердің саны және ғылыми мақалалардың дәйектемесіне негізделіп жасалады.

Рейтингтің әдістемесі университеттің рейтингісінде орын алған ұстанымдардың ең маңызды факторларын есептеуді қолданады, оған білім беру және зерттеу қызметі кіреді; сілтеме; индустриядан түскен табыс (инновация); интернационализация.

Бұл рейтингіден қазақстандық университеттердің атқарып отырған жұмысына берілген баға мен ЖОО-ның халықаралық деңгейде танылуын көреміз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер