Елордалық оқушылар «Робототехника» сабағын өтеді - Білім & ғылым|30 Қаңтар 2017, 17:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елордалық оқушылар «Робототехника» сабағын өтеді

Елорданың 70 мектебінде «Робототехника» факультатив курстары енгізілді, деп хабарлайды Baq.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білімдік робототехника - жаңа, өзекті педагогикалық технология, ол механика, электроника, автоматика, құрастыру, бағдарламалау және техникалық дизайн салалары бойынша білім береді.

Аталған курстардың және «Робототехника» кабинеттерінің мақсаты техникалық құрастыру мен модельдеу дағдыларын үйрену, балалардың логикалық және сыни ойлау қабілетін дамыту, топтасып, жұптасып өзара әрекеттесуге үйрету (ынтымақтастық элементтері).

Курстар KoduGameLab және Scratch тегін таратылатын бағдарламалық қамсыздандырудың көмегімен жүргізіледі. Олар кіші және орта жастағы балаларды бағдарламалау дағдыларына үйретуге арналған, бұл робот техникасы курсының қағидаларына қайшы келмейді және келешекте роботтарды сатып алғанда оқыту курсын жеделдетуге мүмкіндік береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер