Елордада робототехникадан чемпионат өтуде - Білім & ғылым|18 Ақпан 2017, 12:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елордада робототехникадан чемпионат өтуде

Тәуелсіздік сарайында елордалық оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа қатысушылар 3 санат бойынша өзара бақ сынасады: «Сызық бойындағы жарыс», «Тапсырманы орындау» және «Робосума».

Шара ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, жастар мен балалардың инновацияларға және жоғары технологияларға қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынған. Оны Астана қ. Білім басқармасы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы «Білім инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Чемпионатта елорданың 31 мектебі мен лицейлерінен барлығы 82 команда тіркелді. Қалалық кезеңге 23 білім беру мекемесінен 46 команда жолдама алды. Жарысқа 10-19 жас аралығындағы балалар қатысады. Әрбір команда құрамына екі спортшы және бір робот кіреді.

Астана қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Жанғозиннің айтуынша, чемпионат алғаш рет өткізіліп отыр.

«Чемпионат жы сайын өткізілмек. Осы жарыс арқылы біз балалардың қызығушылығын анықтамақ болдық. Қатысуға өтінімдер көп түскендіктен бұл жарыс оларға қызық болады деп шештік. Алдағы уақытта жарыс жеңімпаздары республикалық деңгейде топ жарған болып есептеліп, халықаралық аренада Қазақстан намысын қорғайтын болады», - деді ол.

Роботехникадан чемпионат – тартысты жарыс. Оның барысында жас дарындар түрлі тапсырмаларды мінсіз орындайтын роботтарды құрастырады.

Чемпионатқа қатысушы «Нұр Орда» лицейінің шәкірті Марғұлан Жанай өз еңбегінің үздік үштікке енетініне сенімді.

«Чемпионатты ұйымдастырушыларға ризамын. Бұл жарыс барлық балаларға пайдалы. Біріншіден, ол ойлауды, математика, физика және логиканы дамытады. Екіншіден, болашақта күрделі бағдарламаларды зерттеуге және ақыл-ой қабілетін дамытуға септігін тигізеді.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапаттау салтанаты 19 ақпанда «Нұр Орда» қазақ-түрік лицейінде өтеді.

Жарысқа қатысушылар сертификатпен марапатталады


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
25 Желтоқсан 2018, 21:56
ҰЙҚЫДАҒЫ ҚҰБЫЖЫҚТАР
Пікірлер