Елімізде электронды күнделіктер тегін болады - Білім & ғылым|14 Ақпан 2017, 17:40
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елімізде электронды күнделіктер тегін болады

Елді елең еткізген электронды күнделікті қолдану ақылы болмайды. Ата-аналардан ақша алынбайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа жүйенің авторларына жарнама арқылы пайда табуға мүмкіндік беріледі. Ата-аналар компанияның интернет-дүкен, виртуалды конференция, смс-хабарлама секілді қосымша қызметтеріне жүгінген жағдайда ғана ақша төлейді.

Сонымен қатар, мектептердің ешқайсысы жаппай электронды күнделікті жүргізуге міндеттелмейді. Министр бұл жаңашылдық мұғалімдерді қағазбастылықтан арылтады деген сенімде.

«Электронды журналды енгізу, электронды оқулықтар, баға қою, үй тапсырмасы секілді қызметтердің барлығын жоба авторлары тегін ұсынып отыр. Ата-аналар да, мектеп пен әкімшілік те шығынданбайды. Егер мұғалімдер бұл жаңашылдықтан бас тартса, өздерінің еркі. Бірақ, бұл жүйе ұстаздардың жұмысын жеңілдетеді», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Хабар 24


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер