Елімізде 9 университет халықаралық деңгейде білім береді - Білім & ғылым|27 Қазан 2016, 14:42
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елімізде 9 университет халықаралық деңгейде білім береді

Фото: Forbes.kz

Қазақстанның 9 жоғары оқу орны халықаралық деңгейде білім береді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, академик Бақытжан Әбдірайым VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Соңғы жылдары Қазақстанда білім алуға ниетті шетелдіктердің саны еселенуде. Бұл еліміздегі жоғары білім беретін оқу орындарының сапасы артқанын айғақтаса керек.

«Қазіргі таңда біздің елде білім алып жатқан шетелдіктер өте көп. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанның 9 университеті халықаралық деңгейде білім береді. Демек, ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орындамыз. Мен Еуразия ұлттық университетінде ректор болғанымда көптеген шетелдік ұстаздармен кездестім. Барлығы Қазақстанның білім беру деңгейін мойындайды», - дейді Бақытжан Жарылқасынұлы.

БҰҰ-ның 2015 жылғы көрсеткіші бойынша Қазақстан халқының сауаттылығы жағынан әлем елдері ішінде 54 орында. Қазіргі таңда еліміздегі жоғарғы оқу орындарының бірқатары халықаралық деңгейде білім беруге дайын тұрғанын да депутат атап өтті.

Жалғас ЗЕЙНОЛЛАЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер