Елбасы Астанада жаңа мектептің ашылу салтанатына қатысты - Білім & ғылым|01 Қыркүйек 2018, 12:58
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елбасы Астанада жаңа мектептің ашылу салтанатына қатысты

Фото: Нұржас Жақсыбай

Назарбаев Астанада жаңадан ашылған №85 мектеп-лицейдің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа мектеп Қазақстан мен Араб мемлекетінің халықаралық ынтымақтастығын дамыту шеңберінде Катар Мемлекеті Даму қорының қолдауымен салынған.

Білім ордасының жобалық қуаты 1200 орынға арналған. Жаңа білім ордасында екі ауысымда жұмыс жасау жоспарланған. Мектепте 48 оқу кабинеті бар. Жаратылыстану және математикалық бағыттағы мектепте оқу қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

№85 мектеп-лицейде оқыту мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес, инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүргізілетін болады. Үйлесімді жаһандық тұлғаны тәрбиелеу үшін лингвистикалық, инклюзивтік саясатты, академиялық адалдық және бағалау саясатын ұстану көзделген.

1-11 сыныптарда «Математика және ой дамыту», «Робототехника», «Шахмат», «STEM», «Scratch» бағдарламалау ортасы» атты лицей компоненттері оқушылардың жаратылыстану-математикалық ғылым саласындағы білімдерін кеңейтуге бағытталған.

5-9 сыныптарда гимназия компонентіне «English Club», шығыс тілі және химия, биология, физика, информатика қатарлы пәндерді ағылшын тілінде оқыту қосылады.

10-11-сыныптарда «Бизнес негіздері», «Драма», «Ойлау дизайны» және мамандандырылған білім беру курстары қосымша енгізіледі.

Айта кетсек, жаңа 2018-2019 оқу жылында елордалық 105 білім ордасында (85 мемлекеттік, 1 кешкі мектеп, 15 жекеменшік және 4 республикалық деңгейдегі мектеп) 160 мыңға жуық оқушы сабаққа барады. Оның 18 мыңы үшін қоңырау алғаш рет соғылатын болады. Бірінші сабақтың тақырыбы елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналмақ. Балаларға Астана қаласының қалыптасу тарихы, оның дамуы, көрікті және маңызды тарихи оқиғалар туралы баяндалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер