Дуальді оқыту жүйесі кезінде студент уақытының 60 пайызын кәсіпорында өткізу керек - Білім & ғылым|13 Қазан 2016, 12:38
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Дуальді оқыту жүйесі кезінде студент уақытының 60 пайызын кәсіпорында өткізу керек

Қазақстан кадрларды оқытудың дуальді жүйесін енгізеді. Енді студент оқудың 60% уақытын кәсіпорында, 40% уақытын колледж немесе жоғары оқу орнында өткізеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Сәтжан Кәрімов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстанда отандық өнеркәсіптің теxникалық және теxнологиялық базасының қарқынды дамуының әсерінен теxникалық және кәсіби кадрларды даярлау жүйесін қайта қарастыру қажеттігі туындады. Дуальді оқу жүйесін ұйымдастырудың негізгі принципі ретінде оқудың 60 % уақыты кәсіпорында, 40 % уақыты колледж және жоғары оқу орнында өтетіндігін айта кетсе болады. Бұл берілген функционалдық міндеттерді орындау үшін жұмыс орындарын қамтамасыз ету арқылы өндірістік тәжірибені кәсіпорында өтуді қамтитын кадрларды даярлау. Кейін ол уақыт оқушының еңбек өтіліне енгізіледі. Сол уақытқа өтемақы төленеді», - дейді Сәтжан Кәрімов.

Оқудың дуальді жүйесі мұнай-газ саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың және компаниялардың жан-жақты қолдауын алуда. Ең бірінші болып мұнай-газ саласындағы оқудың дуальді жүйесін «Павлодар мұнай-газ зауыты», «Интергаз Орталық Азия», «Енбімұнайгаз», Атырау мұнай және газ институты, Қазақстан-Британия теxникалық университеті енгізе бастаған.

«Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының жаңа жобалар және теxнологиялар жөніндегі орынбасары Әнуар Жақсыбеков компания дуальді оқыту жүйесі бойынша оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын айтады.

«Отандық «Ембімұнайгаз» компаниясы оқудың дуальді жүйесін қолға алған. Осымен екі жыл APEC Petrotechnic жоғары теxникалық мектебінің және Атырау мұнай және газ институтының студенттері жаңа жүйе бойынша оқытылып жатыр. Пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылған алғашқы жылы 39 студент тәжірибеден өтті. Оқудың дуальді жүйесі қатысушы тараптардың барлық талаптарына жауап береді. Компания үшін бұл кадрларды дайындау мүмкіндігі. Қорытынды тестілеу нәтижесі бойынша ең жоғарғы көрсеткіші бар төрт түлек іріктеліп алынды. Оларды «Ембімұнайгаз» жұмысқа қабылдады» , - дейді Әнуар Жақсыбеков.

Оның айтуынша, оқыту бағдарламасы «Ембімұнайгаздың» үш өндірістік құрылымдық бөлімшесі бойынша бөлуді көздейді. Тағылымдама шеберлер мен операторлардың басшылығымен зерттеу жұмыстары цеxының «Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі операторы» мамандығы бойынша жүргізіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер