«Болашақ» стипендиясын алу үшін екі жылдық еңбек өтілі қажет емес - Білім & ғылым|05 Қазан 2016, 12:12
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Болашақ» стипендиясын алу үшін екі жылдық еңбек өтілі қажет емес

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 1 қазандағықаулысына сәйкес «Болашақ» бағдарламасы бойынша түсетін үміткерлер үшін екі жыл жұмыс өтілінің болуы туралы талап алынып тасталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл қаулы 2016 жылғы 4 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланып, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жыл жұмыс өтілі жоқ, «өз бетінше түскендер» санаты бойынша үміткерлер «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар тапсыруға құқылы.

Бұған қоса, осы қаулыда үміткерлердің барлық санаттары бойынша «Болашақ» стипендиясы шеңберінде шетелде академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша одан әрі үзіліссіз үш немесе бес жыл:

өз бетімен түскендер үшін – Қазақстан Республикасының ұйымдарында не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда;

ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, тағылымдамаға үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері үшін – саланың басқа ұйымдарында не жіберетін ұйымның негізгі қызметіне ұқсас қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;

мемлекеттік қызметшілер үшін – Республикалық комиссияның шешімі бойынша, бос жұмыс орындары болған жағдайда – Қазақстан Республикасының ұйымдарында, сондай-ақ акциялары немесе жарғылық капиталдағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігі кеңейтілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер