Биыл 500 сынып ағылшынша оқиды - Білім & ғылым|26 Шілде 2017, 13:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл 500 сынып ағылшынша оқиды

Фото: Арман Мұқатов

1 қыркүйектен бастап 500-ден астам сынып ағылшынша оқытылады. Олар аталған экспериментке ерiктi түрде қатысқалы отыр. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Мектептердiң жоғары сыныптары мен ЖОО ағылшын тiлiне көшедi. Бұл бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру үшiн қажет. Биылғы жылы бiз ұстаздарды жаппай оқыта бастаймыз. 4 мыңға жуық мұғалiм курста бiлiм ала бастады. Қыркүйек айында тағы 8 мың мұғалiм тереңдетiлген курстар оқитын болады», - дедi министр.

Сағадиевтiң айтуынша, биылғы жылғы 1 қыркүйектен бастап 500-ден астам сынып эксперимент шеңберiнде ерiктi түрде ағылшын тiлiнде оқытуға көшпек. Бұған ата-аналарының жазбаша келiсiмi де бар екен.

«Бұл эксперимент өте маңызды. Бiз жыл бойы балаларды, ата-аналар мен ұстаздарды бақылап, мәлiметтер негiзiнде келесi жылы мұны барлығымыз қарастырып, талдайтын боламыз. Бiз үш тiлде бiлiм берудiң нақты кестесiн қабылдаймыз. Қазiрдiң өзiнде жағдай қуантарлық. Балалар қорықпайды, ата-аналар қолдайды, ал мұғалiмдер жақсы нәтиже көрсетiп келедi», - дедi Сағадиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер