БАӘ астаналық оқушылар үшін 100 мектеп формасына тапсырыс берген - Білім & ғылым|30 Тамыз 2018, 13:17
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

БАӘ астаналық оқушылар үшін 100 мектеп формасына тапсырыс берген

Астаналық білім басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесіп «Мектепке жол» акциясының шеңберінде 3797 мұқтаж балаға материалдық көмек көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

109 млн теңге сомасында жиналған көмек жекеменшік және жеке кәсіпкерлер, сауда және бизнес орталықтар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшылары, оның ішінде мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің демеушілігімен жасалды.

Осы жылғы акцияның ерекшелігі, дәстүрлі мектеп дорбасына спорттық костюм мен кроссовка қосылды.

Бұдан басқа, Біріккен Араб Әмірлігі «Байқоңыр» ауданының балалары үшін Шымкент қаласындағы «Алтын адам» ЖШС-не 100 мектеп формасын тігіп беруге тапсырыс жасап, демеушілік көрсетті. Бұл өз кезегінде отандық өнімді де қолдауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Мектепке жол» акциясы шеңберінде астанада 6 жәрмеңке өткізілді, оның қалған төртеуі 30 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өткізу жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер