BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АТТ Астанадағы курстарын қорытындылады

Фото: ©

«Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі, ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен - «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы жобаны жүзеге асырып жатыр.

2018 жылдың 29 қарашасында Астана қаласында жоба шеңберінде өтіп жатқан ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсының бесінші кезеңі аяқталды.

«Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы жоба

Аталмыш іс-шараға Астана қаласының және республикалық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелігіне кіретін әр түрлі сала мамандары, соның ішінде: жалпы білім беретін негізгі мектептердің директорлары мен зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің оқытушылары; мемлекеттік қызметкерлер; құқық қорғау органының өкілдері; спортшылар; үкіметтік емес ұйымдардың және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Семинар Президент әкімшілігі секторының меңгерушісі Шойкин Галымның «Қазақстан Республикасының конфессияаралық саясаты: сын-тегеуріндері, мәселелері мен шешімдері. Дін мәселелері жөніндегі АТТ тиімділігінің мәселелері: қорытындысы және болашағы» тақырыбында сөз сөйлеуімен қорытындыланды.

Курс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды, соның ішінде - бірнеше қатысушыға ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің «Республикалық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» және «Өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» деген арнайы куәліктері берілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
19 Желтоқсан 2018, 13:46
ТҮРІКСОЙ жылды қорытындылады
Пікірлер