Астанада роботехникадан чемпионат өтеді - Білім & ғылым|17 Ақпан 2017, 11:52
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада роботехникадан чемпионат өтеді

Ертең 18 ақпанда сағат 10.00-де Тәуелсіздік сарайында робототехникадан чемпионат өтеді. Жарыста елордалық оқушылар 3 санат бойынша өзара бақ сынайды. «Сызық бойындағы жарыс», «Тапсырманы орындау» және «Робосума». Жарысқа 10-19 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Әрбір команда құрамына екі спортшы және бір робот кіреді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Зияткерлік қабілетті дамытатын шара ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын жүзеге асыру, жастар мен балалардың инновацияларға және жоғары технологияларға қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынған. Оны Астана қ. Білім басқармасы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы «Білім инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 19 ақпан күні сағат 10.00-де «Нұр Орда» қазақ-түрік лицейінде (Қошқарбаев көш., 34) өтеді. Жүлделі орындарды иеленген құрамалардың жаттықтырушыларына бағалы сыйлықтар табысталады.

Роботехникадан чемпионат – тартысты жарыс. Оның барысында жас дарындар түрлі тапсырмаларды мінсіз орындайтын роботтарды құрастырады. Шығармашылық сайыс балаларды ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларға және ғылыми- техникалық шығармашылық жұмыстар тартуға бағытталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер