BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада "Мұғалім мәртебесі туралы" заң жобасы талқыланып жатыр

Фото: Автор

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елбасының қазан Жолдауында айтылған "Мұғалім мәртебесі туралы" заң жобасын қабылдауға қатысты жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы құрамында депутаттар, мемлекеттік орган өкілдері, педагогтар мен кәсіподақ ұйымының өкілдері бар.

"Елбасының 5 қазандағы жолдауына сәйкес, бізге мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдауға қатысты тарсырма берілген болатын. Қазіргі таңда министрлік тарапынан жұмыс тобы құрылды. Аталған заң бойынша тұжырымдама жасалынып, барлық деңгей бойынша келісімге жіберілді", - дейді ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі орта білім департаментінің бас сарапшысы Айман Бейсенбаева.

Қазіргі уақытта заң жобасы жазылуда.

"Заң жобасында педагогтарды өзінің міндеттерінен тыс жұмыстарға қатыстырмауға, жан-жақты әлеуметтік қорғалуына, олардың құқықтары қорғалуына және қосымша үстемақы төленуіне қатысты мәселелер қаралады", - дейді ол.

Ведомствоаралық комиссиядан өткен жағдайда Заң жобасы қаңтар айында мәжіліске өткізіліп, мамыр-маусым аралығында қабылданады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер