Астанада мектеп жәрмеңкесі өтеді - Білім & ғылым|29 Тамыз 2018, 19:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада мектеп жәрмеңкесі өтеді

30-31 тамыз және 1-2 қыркүйекте өтетін мектеп жәрмеңкесінде елорда тұрғындары мен қонақтары да кеңсе және мектепке керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық және тағы басқа бұйымдарын нарық бағасынан төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда 30-31 тамыз және 1-2 қыркүйек күндері жаңа оқу жылының басталуына орай «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында кеңсе және мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық және басқа да бұйымдардың төмен бағамен сатылуы өтеді.

Жәрмеңкеге «ПИК» AstanaЮтария ltd» ЖШС тігін фабрикасы, ИП Сокирко С.Н. «Sens Fashion» атты сауда маркасымен тігін фабрикасы, «Алтын Адам» тігін фабрикасы, «ДАНМАРД» ЖШС (тігін, шұлық бұйымдарын өндіру, шеврон цехы және металл бұйымдар дүкені) және т.б. отандық өндірушілер, мектеп тауарлары мен шұлық және киімдердің көтерме сатушылары қатысады.

Жәрмеңке қалалық әкімдіктің алдында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер