Астанада мектеп, балабақша және колледж директорларының жауапкершілігі күшейтіледі - Білім & ғылым|27 Тамыз 2018, 19:38
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада мектеп, балабақша және колледж директорларының жауапкершілігі күшейтіледі

Бүгін Астанадағы №54 мектеп-лицейде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың және білім беру мекемелерінің директорларының қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде «Астана – адалдық алаңы» жобасының аралық нәтижелері ұсынылды.

Жобаның негізгі мақсаттарының бірі - сеніп тапсырылған мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу деңгейін арттыру болып табылады.

Пилоттық құжатқа Астана қаласының аудан әкімдері, елорданың басқарма басшылары, сондай-ақ медициналық мекемелердің бас дәрігерлері қол қойған болатын.

"Білім беру мекемелерінің директорлары үшін әзірленген жаңа құжат заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіби қызметтің жариялылығы қағидаттарын сақтау үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін анықтайды. Бағыныштылардың заңсыз әрекеттері үшін жеке жауапкершілігі белгіленген. Оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Құжат - бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын ұтымды, ашық және заңды іске асыру үшін жауапкершілікті күшейтуді міндеттейді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 ақпанынан бастап Астана қаласында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Астана қаласы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен жобасы жүзеге асырылуда, оның мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ елорданың мемлекеттік мекемелерінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер