Астанада Қазақстанның білім беру жүйесі талқыланып жатыр - Білім & ғылым|27 Қазан 2016, 11:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада Қазақстанның білім беру жүйесі талқыланып жатыр

Фото: penki.lt

Астанада «Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту» атты халықаралық конференцияда Қазақстандағы білім беру жүйесінің деңгейі талқыланып жатыр. Алқалы жиынға Кембридж, Джонсон Хопкинс, Мичиган және өзге де көптеген университеттердің өкілдері қатысуда, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

27-28 қазан аралығында Астана халықаралық мектебіндегі жиынға 700-ден астам сарапшы келді. Әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарының мамандары бүкіләлемдік білім берудегі артықшылықтар мен кемшіліктерді сөз етпек.

«Мемлекеттің басты капиталы – адам. Елдің өсуі де, өшуі де ел тұрғындарына байланысты. Халқымыз алға даму үшін оқушыларға білім беретін ұстаздар сапалы болу керек. Әлемдегі абыройлы оқу орындарының мамандарын шақырып, тәжірибе алмасу мақсатында өткізіліп отырған бұл конференцияның маңызы зор. Әлем күн санап дамуда. Қазақстан да заман ағымынан қалыспауы керек» - дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы төрайымы Күләш Ноғатайқызы.

Екі күнге жоспарланған конференция барысында білім беру ресурстарының көрмесі ұйымдастырылады. Қазақстанның үздік мұғалімдерінің ғылыми жұмыстары ұсынылмақ. Конференция барысында 160 баяндама оқылып, солардың үздіктерін қамтитын электронды жинақ шығарылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер