Астанада инклюзивтік білім беретін 74 мектеп бар - Білім & ғылым|30 Қаңтар 2017, 15:14
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада инклюзивтік білім беретін 74 мектеп бар

Қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, жалпы білім беретін 53 мектепте қант диабеті, эпилепсия, туа біткен даму ақаулары, бронхиалды астма, лейкоз және т.б. індеттерге шалдыққан 300 бала инклюзивті білім алуда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар № 28, 63, 65, 83, 45 мектеп-гимназияда оқиды.

Аутизмге шалдыққан балалар үшін психологтың арнайы логопедиялық және коррекциялық-педагогикалық қолдауы қарастырылған, сондай-ақ, олармен арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, олигофренопедагог), емдік дене шынықтыру және арнайы мамандар жұмыс істейді.

Бұдан басқа, жалпы білім беретін 21 мектепте 131 арнайы (коррекциялық) сынып ұйымдастырылған, онда 1 102 бала білім нәрімен сусындауда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер